Nur Otan партиясының кезектен тыс XX Съезінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев Университетінің тәжірибесі негізінде кемінде тағы 2 озық өңірлік оқу орны ашылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz
"Педагог мамандарға сұранысты арттырып, білім сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы 2 есе көбейеді. Жаһандық білім және инновациялық жүйеге енген заманауи зерттеу университеттері білім экономикасының негізін құрауға тиіс. Назарбаев Университетінің тәжірибесі бойынша тағы да кем дегенде 2 озық өңірлік оқу орны ашылады", деді Мемлекет басшысы.