Ұлыбританияда 15 желтоқсаннан бастап COVID-19-ды жұқтыру қаупі жоғары елдерден келген адамдарды коронавирус инфекциясына тестілеудің жаңа жүйесі жұмыс істей бастайды, - деп хабарлайды Egemen.kz
Міндетті өзін-өзі оқшаулау мерзімі тест нәтижесі теріс болған жағдайда бес күнге дейін болады.Швецияда шектеу шаралары күшейтілуде. Сейсенбіден бастап ел тұрғындарына 8 адамнан артық жиналуға тыйым салынды, жерлеу рәсіміне 20 адамнан артық қатысуына рұқсат етілмейді.
Италияда соңғы тәулікте 853 адам коронавирус инфекциясынан қайтыс болған. Ел үкіметі алдағы мерекелерден кейін COVID-19-дың үшінші толқынын болдырмау мақсатында алдын алу шараларының жоспарын дайындауда.