• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2020

Демалыс күндері елордада концерттер, қойылымдар мен көрмелер өтеді

152 рет
көрсетілді

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін алдағы демалыс күндері мәдениет мекемелері концерттер, спектакльдер мен көрмелер дайындауда. Барлық іс-шаралар санитарлық талаптарға сәйкес өтеді.

28 қарашада, сағат 18:00-де «Астана Операда» П.И.Чайковскийдің мерейтойына арналған «Души и музыки созвучье» атты орыс романсының концерті өтеді, онда театрдың жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Майра Мұхамедқызы өнер көрсетеді. 29 қараша күні сағат 18: 00-де «Астана Опера» оркестрінің бірінші скрипкасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Бағдат Әбілхановпен, сондай-ақ халықаралық байқаулардың лауреаты Салтанат Әбілханованың қатысуымен «Бог музыки в его вселился opus…» концерті өтті.

Тәуелсіздік сарайында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған және «Ақанаевтар әулеті» көрмелері дүйсенбіден сенбіге дейін - 31 желтоқсанға дейін ашық. 30 қараша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін «Өнер Қарлығаштары» және «Мир глазами ребенка» балалар экспозициялары жұмыс істейді. Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Шабыт» шығармашыл жастардың халықаралық фестивалінің дипломанты, суретші Анар Әубәкірдің «Тылсым» атты көрмесі ұсынылған. Сондай-ақ 30 қараша сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін Тәуелсіздік сарайының «Сыйлықтар» қорынан көрмені тамашалауға болады, онда қаланы, елорданы аралаған ресми делегациялардың сыйлықтары ұсынылады.

Қалалық әкімдіктің қуыршақ театрында 28 қараша күні сағат 12:00-де және 14:00-де жас көрермендер үшін «Абай - жарық сәуле» бағдарламасы, 22:00-де «Сказка на ночь» көрсетілімі өтеді. Instagram, Facebook.

28 қарашада сағат 12:00-де Бейбітшілік және Келісім Сарайында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне және ҚХА-ның 25 жылдығына арналған онлайн-концерт өтеді. Шара Instagram желісінде көрсетіледі: @ piramida.astana; @detskaya_studia_astana_; @teatr_tanca_terra

М. Горький атындағы орыс драма театры 28 қарашада сағат 11:00-де «Маленькая история о Маленьком Муке» ертегісін көрсетеді. Трансляция YouTube сайтында.

М.Горький атындағы орыс драма театрының кіші залында 28 қарашада сағат 18:00-де «Очень простая история» спектаклі өтеді.