• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 26 Қараша, 2020

Балалар өліміне қатысты тың деректер шықты

221 рет
көрсетілді

Аягөз қаласындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығындағы төрт баланың өліміне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шығыс Қазақстандағы арнайы прокурорлар басқармасының ведомствоаралық жедел-тергеу тобының жұмыстары кезінде эксгумация жасалып, екі мәрте комиссиялық сот-медициналық сараптамасы жасалды. Комиссия құрамына балалар инфекционисті, кардиолог, анестезиолог – реаниматолог, нейрохирург, педиатр, Нұр-Сұлтан қаласынан гистолог сарапшылар және Тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздік сапасын бақылау комитетінің мамандары қатысты.

Сараптама қорытындысына сәйкес, балалардың өлімі өкпе фиброзы, екі жақты іріңді бронхолық пневмония сияқты жанама аурулардың салдарынан болған екен.

Сондай-ақ, үш баланың мәйітінен дене жарақаттары анықталған. Алайда, мамандардың піккірінше, дене жарақаттарының балалар өліміне қатысы жоқ.

Осыған байланысты, ауыр дене жарақаттарын алу фактісі бойынша қылмыстық істерді ары қарай тергеу үшін Полиция департаментіне берілді.

Ал арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында тәрбиеленушілерге тиісті медициналық көмек көрсетпеу фактісі бойынша қылмыстық іс арнайы прокурорлармен сотқа жолданған.

Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін Аягөздегі әлеуметтік көмек орталығында 4 бала қайтыс болған.