• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 26 Қараша, 2020

Алыптардың айқасы Әлімхан Сыздықовтың жеңісімен аяқталды

137 рет
көрсетілді

Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде грек-рим күресінен өткен Қазақстан чемпионатында аса ауыр салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

130 кило салмақтың финалында шымкенттік Әлімхан Сыздықов пен ақмолалық Талғат Жиентаев күш сынасты. Бұл бәсеке Оңтүстіктен келген алыптың асығы алшысынан түсті. Ақтөбелік Асылбек Жәнібекұлы мен қостанайлық Мансұр Шадукаев үшінші сатыларға жайғасты.

Бір айта кетерлігі, еліміздің ең үздік балуандары Нұрмахан Тыналиев пен Дамир Күзембаев айтулы додаға қатыспады.