Шығыс Қазақстанда бар-жоғы 13 пульмонолог дәрігер жұмыс істейді. Алайда, облысқа тағы 7 пульмонолог дәрігер қажет, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы облыс орталығында өткен баспасөз конференциясыда денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Владимир Ли айтты.
- Covid-19 дертіне қарсы инфекционист, анестезиолог–реаниматолог, пульмонолог, жалпы практика дәрігері, терапевт және кардиолог мамандары жұмылдырылды. Олар тікелей қызыл аймақтың ішінде жұмыс істеп жүр. Ал карантиндік стационарларда негізінен терапевттер мен жалпы практика дәрігерлері жұмыс істейді, – деді Владимир Ли.