«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы АҚШ Федералдық резервтік жүйесінің төрағасымен және Қытай инвестициялық корпорациясын (CIC), БАӘ Mubadala егеменді қоры (Mubadala Investment Company), сондай-ақ Кувейттің ұлттық әл-ауқат қорын (Kuwait Investment Authority) қоса алғанда, әлемдік тәуелсіз қорлардың бірінші басшыларымен бірге инвестициялық ұйымдардың ТОП-10 басшыларының қатарына кірді.
SWFI – бұл тәуелсіз әл-ауқат қорларын (124 бірлік), зейнетақы қорларын, орталық банктерді (177 бірлік), инвестициялық басқарушы компанияларды (3 475 бірлік) және инвестициялау, активтерді, тәуекелдерді бөлу, басқару, экономика, саясат, сауда және басқа да ұзақ мерзімді мемлекеттік инвесторларды зерттеуге арналған ғаламдық ұйым.
Public Investor-10 – инвестициялық ұйымдардың ең беделді басшыларын қамтитын жаһандық танылған рейтинг. SWFI ұйымы рейтинг жасау кезінде инновацияларды, қорландыруды, экологиялық мәселелерді, кірістілікті, бірегей бағдарламалар және қабылданған бастамаларды қоса алғанда, бірқатар параметрлерді талдайды. Тарихи тұрғыдан алғанда рейтинг TОП-100-ге енген, бірақ биыл SWFI редакциялық алқасы 2020 жылы құбылмалылықты ескере отырып, ең үздік 10 басшыны бөліп көрсету үшін өзгеріс енгізуді ұйғарды.