• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қараша, 2020

Ерекше балалар үшін шығармашылық әлеуметтендіру орталығын құру ұсынылды

461 рет
көрсетілді

Қазақстанда ерекше педагогиканы қажет ететін балалар үшін бүкіл республикада филиалдары бар шығармашылық әлеуметтендіру орталығын құру керек, деп есептейді Қазақстан және Орталық Азия бойынша Отбасы институтының атқарушы директоры Эльмира Әлиева.

«Қоғамдағы инклюзивті мәдениет жағдайында әлеуметтенудің түпкі нәтижесі баланың қоғамға бейімделуі, яғни оның жеке қалауын, ұмтылысын, әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін сақтай отырып, оның өзіндік шығармашылық өмірін қалыптастыру. Бізде шығармашылық арқылы әлеуметтендірудің жақсы тәжірибе бар. Бұл «Алматының қызыл алмасы – мықты және бақытты отбасының символы» – балаларға арналған инклюзивті фестиваль. Біз бұл үлгіні Қазақстан бойынша енгізбекпіз, яғни филиалдары бар балаларды шығармашылық арқылы әлеуметтендірудің жаңа Adaptation орталығын құрғымыз келеді», деді Әлиева «Интерфакс-Қазақстан» агенттігінің онлайн баспасөз конференциясында.

«Біз инвесторлар іздеудеміз және мемлекеттің көмегіне үміттеніп отырмыз», дейді Қазақстан және Орталық Азия бойынша Отбасы институтының атқарушы директоры.

Әлиеваның айтуынша, орталықта мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуетін іске асыру және әлеуметтендіру үшін жағдай жасау көзделген. Балалармен жыл бойы кәсіби мамандар жұмыс істейтін болады.

 

 

АЛМАТЫ