Мемлекет басшысының "Еститін мемлекет" тұжырымдамасына көшу жөніндегі міндеттерін іске асыру аясында ағымдағы жылдың 26 қарашасында бүкіл ел бойынша "Азаматтарды қабылдаудың бірыңғай күні" жалпы республикалық іс-шарасы өтті. Маңғыстау облысының Полиция департаментінің басшылығы мен қала, аудандар басқарма, бөлім басшылары карантинге байланысты тұрғындарды "ZOOM" интернет платформасы арқылы онлайн форматта қабылдады.
Іс – шараның негізгі мақсаты-халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, олардың проблемалық мәселелерін шешу, сондай-ақ "еститін мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру аясында сенім деңгейін арттыру. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, ведомство басшылығының және оның аумақтық бөлімшелерінің қатысуымен аудандық полиция бөлімдеріне дейін азаматтарды қабылдау эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып және заманауи технологияларды пайдалана отырып, онлайн-режимде жүргізіледі.
Департамент бастығы полиция генерал-майоры Жанарбек Бақтыбаевтың қабылдауына әртүрлі санаттағы сауалдары бар азаматтар жүгінді. Бұл ретте пайдаланылатын арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету нақты уақыт режимінде өтініш берушілерді қашықтан қабылдауды жүзеге асыруға мүмкіндік берді. Көптеген сұрақтар қылмыстық, әкімшілік материалдарға, сондай-ақ ішкі істер органдарына қызметке қайта қабылдануға қатысты болды. Барлық келушілерге өздерін қызықтырған мәселелер бойынша білікті жауаптар берілді. Бақтыбаев қызмет басшыларына нақты тапсырмалар берді. Қосымша зерттеуді қажет ететін материалдарды ол жеке бақылауға алды. Сонымен қатар, қалалық және аудандық полиция бөлімшелерінің бастықтары да өз аумағында азаматтарды онлайн режимінде қабылдады.
Маңғыстау облысы