• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 27 Қараша, 2020

Алексей Цой экс-министрге қатысты ашық хатқа пікір білдірді

450 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның бұрынғы басшысы Елжан Біртановты қолдаған дәрігерлердің ашық хатына жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz 

Министрге "Қазақстанның дәрігерлері бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қолдап, ашық хат жазды. Сіз де Елжан Амантайұлын қолдайсыз ба?" деген сұрақ қойылды.

"Біздің әріптестер ең бірінші кезекте ниеттестік, екіншіден істің анық-қанығына жету қағидатына сүйенді. Тілектес, ниеттес екенін әріптестеріміз білдірді. Ары қарайғы істі қарау, оның мән-жайын анықтауды құқық қорғау органдары жүргізеді. Солардың шешімін күтеміз", деп жауап айтты Алексей Цой.

Еске сала кетсек, осы айдың басында бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қамауға алынғаны хабарланған болатын. Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.