• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қараша, 2020

Атырау мектептерінде 14 өрескел заң бұзушылық анықталды

284 рет
көрсетілді

Атыраудағы мектептерде 14 өрескел заң бұзушылық анықталды. Бұл туралы Атырау облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Болат Атыбай мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Биыл облыста 19 бастауыш, негізгі орта және орта білім беру ұйымдарына профилактикалық бақылау жүргізілді. Оның қорытындысымен 14 өрескел, 18 елеулі, 3 болмашы заң бұзушылық анықталды. Мектептердің басшыларына алты айда заң бұзушылықтарды түзетуге мүмкіндік беріліп отыр. Осы кезеңде қателік түзетілмесе,  әкімшілік жазаға тартылады» деді Болат Атыбай.