Қазақстандық жартылай орта салмақтағы боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) Намибиядан келген Джулиус Индонгомен (23-3, 12 КО) болған жекпе-жекке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz
"Жеңіске жеткеніме қатты қуанып тұрмын. (...) Жоспарым оны бірінші раундта джебпен сезіну, содан кейін сол жақтан шабуылдар жасау үшін қолайлы сәттерді күту болды. Жақсы жұмыс жасадым деп ойлаймын, енді үлкен шайқастарды қалаймын. Бұл менің алғашқы титулдық жекпе-жегім болды. Қазір рейтингтердемін, енді әрі қарай не болатынын көреміз. Мен дайын боламын", дейді Данияр Елеусінов.