• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Желтоқсан, 2020

Еңбек адамдары марапатталды

867 рет
көрсетілді

Талдықорған қаласында 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күні мерекесі қарсаңында ауылшаруашылық саласында еңбек етіп жүрген азаматтарға түрлі деңгейдегі марапаттар тапсырылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл тізімге республика көлемінде өңірлерде ауылшаруашылығы саласында еңбек етіп жатқан мамандар, қой өсіру ісінің үздіктері іріктеліп алынған. Марапатталғандардың қатарында Алматы облысынан Тәжиев Советбек, Сайдахметов Қуаныш, Икрамов Даулет секілді еңбек адамдары бар.

Шарада сөз алған Алматы облысы әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, шаруа адамдары қоғамда кеңірек насихатталып, оларды жас буын танып өсуі керек.

Шараны ұйымдастырушы, "Shopan ata" Қазақстан ұлттық қой өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың айтуынша, шаруа адамдарының, әсіресе шопандардың еңбегі әлі де болса кең көлемде насихатталып, сый-құрмет жалғаса беруі керек:

"Ел экономикасының дамуына шопандардың қосып отырған үлесі орасан зор. Сондықтан мұндай сый-құрметтер әлі де болса жалғасын табуы керек. Қазір еңбек адамдарын жас буынға насихаттау жұмыстары көңіл көншітпейді. Бұл ретте біздің қауымдастық дәл осы шопандар мәртебесін көтеруді әрі қарай жалғастырады. Биыл осы іске еліміздің Ауылшаруашылығы министрлігі ерекше қолдау көрсетіп отыр", деді А.Садырбаев.

"Shopan ata" қауымдастығы еңбек адамдарын мараттау жұмыстарын желтоқсан айының аяғына дейін, барлық сақтық шараларын сақтай отырып, өзге де облыс орталықтарында жалғастыруды көздеп отыр. Атап айтсақ, шара Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан, Тараз, Түркістан, Ақтөбе, Қызылорда, Өскемен, Қостанай, Қарағанды қалаларын қамтиды деп күтіліп отыр.