• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Желтоқсан, 2020

Алтайлық аналар баспаналы болды

139 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президенті күні Алтай ауданының  көпбалалы отбасылары баспаналы болды, - деп хабарлайды Egemen.kz

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында Алтай ауданының әкімі Қалихан Байғонысов алты көпбалалы отбасыларға жаңа үйдің кілтін табыстады.

Аудан басшылығы жаңа пәтер иелерін жаңа қоныстарымен құттықтап, еңселі үй салған құрылысшыларға алғысын білдірді. Баспаналы болған көпбалалы аналар да ризашылықтарын жеткізді.  

- Бүгін біз үшін ерекше күн. Мереке күні баспаналы болдық. Біздің енді өз үйіміз бар. Жаңа үйге қоныстанған көпбалалы аналардың атынан аудан басшылығына зор алғысымызды білдіреміз, - деді Альмира Кузнецова.

Алтай ауданы