• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Желтоқсан, 2020

Қыстың бірінші күні үсіп қалған

516 рет
көрсетілді

Қыстың бірінші күні-ақ Глубокое ауданының тұрғыны аяқ-қолын үсітіп алған, - деп жазады Egemen.kz

1 желтоқсан күні кешкі сағат 19.55-шамасында құтқарушыларға Глубокое ауданы, Ульба-Перевалочная ауылының тұрғынынан қоңырау келіп түскен. 1980 жылы туған ер адам аяқ-қолын үсітіп алып, өз бетімен ауруханаға жете алмаған екен. Ал жедел жәрдем көлігі зардап шегушінің үйі қиын жерде орналасқандықтан жете алмаған.

Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары шақыру орнына барса, ер азамат 3-4 күн от жағылмаған үйде тұрып жатқан екен. Құтқарушылары оны зеңбілге салып, жедел жәрдем көлігіне жеткізген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындарға аязды күндері үсіп қалмау үшін аса сақ болу керектігін айтады.

Глубокое ауданы