• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Президент 02 Желтоқсан, 2020

Президент: Қазақстан ашық әрі әділетті сайлау өткізуге дайын

206 рет
көрсетілді

Ресей Федерациясының төрағалығымен видеоконференция форматында өтіп жатқан Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ашық әрі әділетті сайлау өтетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

"COVID-19 пандемиясы әлемдік саясат пен экономиканы шатқаяқтатып жіберді. Жағдайды сауда соғыстарына ұласқан өзара санкциялар мен шектеулер тіпті ушықтырып тұр. Экстремизм, терроризм, есірткі саудасы, киберқауіпсіздік пен заңсыз көші-қон саласындағы жаһандық тегеуріндердің артып бара жатқаны да алаңдатады. Осындай жағдайда бейбітшілікті нығайтып, аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету жолындағы мемлекетаралық механизм ретіндегі біздің ұйымның рөлі айтарлықтай арта түседі. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, пандемияны еңсеруге үн қосқаныңыз үшін құрметті Владимир Владимирович (РФ президенті Путинге) сізге алғысымды айтқым келеді. Таяу арада Қазақстанда ресейлік вакцинаны әзірлейтін зауыт салынады", деді Президент.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы сессияға қатысушыларға Қазақстанда электоралды кезең басталып жатқанын айтып өтті.

"2021 жылғы 11 қаңтарда Парламенттің төменгі палатасы мен жергілікті өкілдік органдарының сайлауы өтеді. Сайлау конституциялық мерзімде болады. Партиялардың бәріне даярлануға жеткілікті уақыт берілді. Биыл біз теңдессіз демократиялық реформалар пакетін қабылдадық. Олар көппартиялылықты және партиялық бәсекелестікті дамытуға, азаматтық белсенділікті арттыруға бағытталған. Атап айтқанда заңнамалық деңгейде парламенттік оппозиция институты бекітіліп, партиялық тізімге жастар мен әйелдердің үлесі үшін 30 пайыздық квота бөлінді. Біз ашық әрі әділетті сайлау өткізуге ниеттіміз. Серіктестеріміздің қолдауы мен осы елдердің бақылаушыларын күтеміз", деді Мемлекет басшысы.