• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Желтоқсан, 2020

Атырауда 8 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты

141 рет
көрсетілді

Атырауда салынып жатқан 8 қабатты тұрғын үй кешенінен өрт шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өрт 12 минутта сөнірілген.

«Департаменттің диспетчерлік пультіне Атырау қаласының Сейфуллин көшесіндегі  тұрғын үй кешенінің 3-ші қабаты өртенгені туралы хабар түсті. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер 30 шаршы метрлік бөлмеде жылу электр құрылғылары мен пластикалық терезенің өртенгенін анықтады. Жалынды сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 12:04-те оқшаулап, сағат 12:07-де сөндірілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алдын ала болжамға сәйкес өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан.