• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Желтоқсан, 2020

Атырауда 25 адамнан коронавирус анықталды

235 рет
көрсетілді

Атырау облысында өткен тәулікте 25 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі ақпарат таратты. 

«Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 8-і Атырау қаласында тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінде 16 жұмысшының, Индер ауданында бір адамның Сovid-19 инфекциясын жұқтырғаны расталды. Науқастардың бесеуінде коронавирус белгісі симптомды түрде өтіп жатыр» деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте үй жағдайында ем алған 4 адам қауіпті індеттен жазылып шыққан. Қазір 120 адам үй жағдайында емделуде. Ал, облыстық инфекциялық стационарда 34 науқас, аудандардағы стационарларда 7, Теңіз кенішіндегі стационарда 86 адам ем қабылдап жатыр.