• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Руханият 03 Желтоқсан, 2020

Отанға адал болуға ант берді

399 рет
көрсетілді

Тұңғыш Президент күні мерекесінде күзде ша­қырылған бір жарым мыңнан астам мерзімді қызметтегі сар­баз оңтүстік және батыс өңірлердегі әскери бөлімдерде әс­кери ант берді.

Күзгі әскерге шақыру нау­қа­ны барысында Қарулы Күш­тер­дің әскери бөлімдері Қа­зақ­стан­­ның барлық өңір­лерінен келген сарбаздармен толықты. Олар ал­ғашқы әскери дайындық бағ­­дар­­ламасын аяқтап, мереке күні әс­ке­ри ант берді.

Салтанатты рәсімге әскерлер қол­­­басшылары мен олардың орын­­басарлары, әскери бөлім­дер­дің командирлері қатысты.Әскери ант қабылдағаннан кейін жас сарбаздар қоян-қол­тық ұрыс пен саптық даярлық эле­менттерін көрсетті. «Еліміз үшін айтулы күні дәл осын­дай әскери ант қабылдау бізге үлкен мәртебе. Бұл бәрі­міз­­ге ер­екше жауапкершілік жүк­­тейді. Бар­­лық азаматтарды Қа­­зақ­стан Рес­­публикасының Тұң­­­ғыш Президенті күнімен құт­­­тықтаймын! Отанымыздың игі­­лі­гі үшін әскери борышымыз­ды абыроймен орындаймыз деп сеніммен айта аламын», деді 41433 әскери бөлімінің қатар­да­ғы жауын­гері Айбар Омар.

Санитарлық-эпидемиялық жағ­­дайды ескере отырып, салта­нат­­ты іс-шара туыстары мен жа­қын­­дарының қатысуынсыз өтті.

Отан алдында адал болуға ант беру – әр азаматтың өмі­рін­дегі ұмытылмас оқиға. Отан қор­ғау­шылар өздерінің кон­сти­ту­циялық міндеттерін абыроймен атқарып, ата-анасының, елінің және ел Президентінің сенімін ақ­тауға дайын. Әскери бөлім­дер­дің басшылығы өз кезегінде, сар­баздардың әскери бо­рышын сәтті атқаруы, әс­ке­ри мамандықтарды, әскери даяр­лықтың ұдайы өткізі­ле­тін сабақ­та­рын меңгеруі үшін бар жағ­дайды жасаған.