Францияның бұрынғы президенті Валери Жискар д'Эстен 94 жасында қауіпті індеттен қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz
Ж. д'Эстен атындағы қор өкілдерінің айтуынша, экс-президент коронавирустан қайтыс болған.
Қарашаның ортасында саясаткердің ауруханаға жатқызылғаны айтылған. Кейін 20 қарашада оны үйіне шығарған.
Әйтсе де, д'Эстен қыркүйекте де өкпесіне суық тиіп ауруханада жатқан. Ол кезде дәрігерлер коронавирусты анықтамаған екен.
Валери Жискар д'Эстен 1926 жылы Францияның Германия территориясынан басып алған Кобленцте дүниеге келген.
1974 жылы Помпиду қайтыс болғаннан кейін Жискар д'Эстен президент сайлауында жеңіске жетті. 1981 жылы ол қайта президент сайлауында жеңіліп қалды. Содан кейін Франция академиясының мүшесі болды, Франция Конституциялық кеңесінің отырыстарына да қатысты.