• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2020

Атырауда бір тәулікте 31 адам коронавирус жұқтырды

325 рет
көрсетілді

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, өткен тәулікте 31 адамның коронавирус инфекциясын жұқтырғаны ПТР-тест нәтижесінде анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Науқастардың бесеуі Атырау қаласында анықталды. Теңіз кенішінде 23 жұмысшыдан, Жылыой ауданында 3 адамнан қауіпті індеттің белгісі табылды. Соңғы тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың басым бөлігі кезекті медициналық тексеріс кезінде анықталған. Науқастардың барлығында инфекция симптомсыз түрде өтіп жатыр» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық инфекциялық стационарда 32, аудандардағы стационарда 8 науқас емделіп жатыр. Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда емделіп жатқан науқастар саны 102 адамға жетіп отыр. Ал үй жағдайында 136 адам емделуде.