Патрульдік полицейлер кеше, 2 желтоқсанда сағат 02:30 шамасында мас күйде көлік жүргізген шетелдікті ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Атырау қаласындағы Гагарин-Тайманов көшелерінің қиылысында «ВАЗ-2104» автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік жүргізушісі Өзбекстан Республикасының 32 жастағы азаматының масаң күйде екені байқалды. Сараптама қорытындысымен жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені анықталды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 608-бабымен (Көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылды. Мамандандырылған әкімшілік соттың шешімімен масаң күйде рульге отырған шетелдік жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке қамауға алынды» деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әкімшілік қамаудан шыққан соң шешім қабылдау үшін шетел азаматына қатысты құжаттар көші-қон полициясы бөліміне жолданады.