• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Желтоқсан, 2020

Мұқтаж отбасылар мен зейнеткерлерге 30 келіден азық-түлік көмегі берілді

862 рет
көрсетілді

«Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері «30 игі іс» акциясы аясында азық-түлік себеттерін таратты. Іс-шараны «Отбасы мектебі» қоры Алматы ауданы әкімдігі, жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы қолдауымен ұйымдастырды.

Азық-түлік себеттерін мұқтаж 100 отбасы мен көп балалы отбасылар, мүгедектер, зейнеткерлер, тыл ардагерлері алды.

Әр себетте 30 келіге жуық азық-түлік көмегі бар. Оның ішінде бірінші қажеттілік өнімдері - жарма, макарон өнімдері, күнбағыс майы және шай.

Акцияға 60-тан астам еріктілер қатысты. Азық-түлік себеттерін жеткізуді «Астана жастары» еріктілері, авто және медиа еріктілері, қалалық еріктілер штабының өкілдері, сондай-ақ көмектесуге ниет білдірген жандар жүзеге асырды. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.

«Мұндай акциялар бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Қолдау көрсету және мұқтаж адамдардың қандай да бір жағдайда жалғыздық сезінбеуін қамтамасыз ету біздің қолымызда. Еріктілер үшін ел ризашылығынан артық сый жоқ», - дейді «Астана жастары» КММ басшысының орынбасары Аян Ерментай.

Еске сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен әлеуметтік және қайырымдылық шаралар өтіп жатыр. Эстафетаданың басты мақсаты қала мен оның тұрғындары үшін жақсылық жасау.

2020 жылдың өзінде-ақ, 16 желтоқсанға дейін «30 игі іс» жобасы аясында үш жаңа мектеп, жабық футбол алаңы, велосипед жалдау бекеті бар жол трассасы және жасыл белдеудегі фазанарий пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ церебралды паралич және жүйке аурулары бар балаларға арналған үлкен оңалту орталығының ашылуы өтеді.

Азаматтар эстафетаға қосылып, #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегі бойынша игі іс-шара аясында өз аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.