Бүгін Алматыда Тәуелсіздік күніне орай БАҚ арасында өткен байқау қорытындысы шығарылды. Қала әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мегаполистің тыныс-тіршілігінің әлеуметтік маңызды мәселелерін жариялауға белсенді қатысқан журналистерді марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Байқауға қатысу үшін БАҚ-тан барлығы 116 өтінім келіп түсті. Тәуелсіз сараптама комиссиясы талдау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардың 22 авторын марапаттады. Осы рәсімі барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров журналистер жұмысының маңыздылығын атап өтіп, мегаполис әкімшілігінің коронавирустық пандемиямен күресте қабылдаған шараларына ерекше назар аударғаны үшін зор алғыс білдірді.
– Бүгін күні БАҚ-тың атқаратын рөлі айрықша. Сіздер қажырлы еңбектеріңіз бен белсенді ұстанымдарыңыз арқылы қала тұрғындарына алматылық ынтымақтастықтың құндылықтарын түсіндіріп, жеке өздерін қорғау мен қоғамдық денсаулық деңгейін арттыруға айтарлықтай ықпал еттіңіздер. Қала тұрғындарының пандемияны қалай қабылдайтыны, эпидемиялық талаптарды сақтауға қаншалықты сабырлы әрі жауапкершілікпен қарайтыны сіздермен бірлескен жұмысымызға тікелей байланысты болды. Сіздердің әрқайсыңыз қала өмірінің әлеуметтік маңызды мәселелері туралы ақпаратты БАҚ-та дер кезінде жариялап, пандемияға қарсы ортақ күреске қомақты үлес қостыңыздар – деп атап өтті Е.Бабақұмаров.
Айта кету керек, жыл басынан бері Алматы әкімдігі 330 баспасөз конференцияларын, брифингтер мен басқа да іс-шараларды өткізді, олардың барысында спикерлер БАҚ-ның 3000 сұрағына жауап берді. Алматының ақпараттық кеңістігінде барлығы 23 мыңнан астам материал жарияланды, эфирге 1500-ге жуық телесюжет шықты. Айта кетерлігі, 17 мың материал коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу шараларына арналды.
Тәуелсіз байқау комиссиясының мүшелері БАҚ өкілдері атқарған жұмыстардың барынша маңызды әрі өте күрделі екенін ерекше атап өтті.
– Бүгін Тәуелсіздік күні қарсаңында айтулы оқиға орын алуда. Біз журналистиканың басты қағидаттары болып табылатын әділдік пен ашықтықты қайта жаңғыртудмыз. Тәуелсіз Қазақстанның журналистері еліміздің дамуына орасан үлес қосуда. Ал, Алматы – Тәуелсіздігіміздің алтын бесігі. Қазақстан журналистерін осынау ару қалада білім алды, шыңдалды, журналистиканың қыр-сырын меңгерді. Журналистер қауымы даму үстінде, бүгінгі өмір талаптарына сай әлеуметтік желілер, блогерлер пайда болуда, – - дейд профессор, т.ғ.д., академик, Журналистика Академиясының президенті Сағымбай Қозыбаев.
Байқау комиссиясының құрамына қоғамдық және азаматтық қайраткер, Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Сергей Пономарев, «Тұран» университеті журналистика кафедрасының доценті, «Мәдениет қайраткері» иегері, ҚР Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, Достастық елдері халықаралық сыйлығының лауреаты Сәуле Тастүлекова, журналист, көпшілік алдында сөз сөйлеу және Шешендік шеберлік тренингтерінің авторы, Журналистер Одағы сыйлығының лауреаты, блогер Полина Шиманская, «PR-шы» клубының вице-президенті Айбар Олжаев, MediaNetwork Kazakhstan атқарушы директоры, медиа тренер Бақтыгүл Бурбаева және тағы басқалары кірді.
Жеңімпаздар мына аталымдар бойынша анықталды:
Үздік сюжет
Лаура Биғалиева, «31 арна» – «Алматыда жаңа 300 орындық балалар ауруханасы ашылды»; Рамина Мирзалимова, «Алматы» телеарнасы - «Осторожно, коронавирус! Журналисты попали в «грязную» зону инфекционной больницы Алматы».Үздік жаңалықтар
Әмірболат Құсайын, «Azattyq Rýhy» – «Кәрілік те, мүгедектік те кәсіп ашуға кедергі емес»; Инна Бугаева, «inAlmaty.kz» – «В горах Алматы начали опорожнять селеопасные озера».Үздік сұхбат
Айнаш Есалы, «Egemen Qazaqstan» – «Алматы – «жасыл» және «сары» аймақтар арасында»; Серікжан Мәулетбай, «Informburo.kz» – «Как будут восстанавливать экономику Алматы? Главное из интервью Бакытжана Сагинтаева».Үздік аналитикалық мақала
Тоқтар Жақаш, «Жас Алаш» – «Алматының мәселесін шешуге әкім Сағынтаевтың әлі жете ме?»; Айгерім Әбілміжітова, «Tengrinews.kz» – «Их нельзя сравнивать, но очень хочется: Алматы и Нур-Султан».Үздік деректі материал»
Гүлнәр Тажиева, «Aiqyn» – «Жатақханаларға мониторинг жасалды»; Ольга Тонконог-Дәрібаева, «Sputnik Казахстан» – «Все звезды кино в Алма-Ате. Как жил «Голливуд на границе Китая» в военные годы».Үздік фоторепортаж
Сәрсенбек Қызайбекұлы, «Nege.kz» – «Фоторепортаж. Халық дайын ба?»; Петр Карандашов, «Nur.kz» – «Как выглядит Вознесенский собор после трехлетней реставрации в Алматы».«Әлеуметтік желілердегі үздік жарияланым
Қайым-Мұнар Табеев, «Almaty aqshamy» – «Алматының айшықты қадамдары».Арнайы номинация — «Қаланың COVID-19-ға қарсы күресі туралы үздік материалы
Алмас Садуақас, «Хабар 24» арнасы – «Отандық ғалымдар коронавирусқа қарсы үшінші баламалы вакцинаны жасады»; Людмила Макаренко, «Казахстанская правда» – «Картина в дни карантина».
Сонымен қатар арнайы сыйлықтармен Алматы қаласын дамыту тақырыбын жариялауға белсенді қатысқаны үшін Альберт Ахметов («Zakon.kz»), Данияр Дауталиев («Казинформ»), Мариям Бижикеева («Kapital.kz», Екатерина Тихонова («Время»), Гүлвира Биғалиева («Курсив»), Бекзада Ишекенова («LS Aqparat») және Юлия Абрамова, («NUR.kz») сынды бірқатар журналистердің қосқан үлесі ескерілді.