Өткен тәулікте өңір зертханаларында барлығы 1021 сынама алынып, 2 жағдай анықталды. Бұған қоса, инфекциялық стационарда 15, ал реанимация бөлімінде 2 науқас ем-дом қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz
Аймақта 2021 жылдың бірінші тоқсанында індетке қарсы вакциналауды бастау жоспарлануда. 18 жастан асқан адамдарға салынады. Бүгінде дайындық жұмыстары жүруде. Бұған қоса, вакцинаны сақтайтын арнайы контейнерлердің саны нақтылануда.
"Өңірде өкпені жасанды желдету аппараты 76 болса, қазіргі таңда 244-ге жетті. Сондай-ақ, жергілікті бюджеттен 4 флюро және 6 дана стационарлы рентген аппараты алынды. Биыл медициналық ұйымдарға 99 жас маман жұмысқа кірді. Қалалық және аудандық ауруханаларға жіберілді. Алғаш рет 99 маманның 39-ына 500 АЕК көтермеақы беріледі", деді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Искаков.