• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2020

Жымпитыға Кеңащыдан су келді

332 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданында 77 шақырымдық ма­гис­тралды су құбыры пайдалануға берілді. Кеңащы жерасты су қо­рынан Жымпиты ауылына дейін тартылған бұл желі бола­шақ­­та 7 елді мекен, 10 мың адамды таза сумен қамтамасыз етпек.

Құны 2 миллиард 157 миллион теңгеге бағаланған жобаның құрылысын «Мелиориатор» ЖШС 10 айдың ішінде жүзеге асырған. 77 шақырымдық су құ­бырына қоса 17 шақырымдық электр же­лі­сі жүргізіліп, бұл іс­ке 60 адам тар­тылыпты. Та­за су бүгінде Жым­питы мен Өлең­ті ауылдарына жеткен, болашақта Шағырлай, Бұлан, Жамбыл, Жырақұдық, Қособа ауыл­дарына құбыр тартылады. Осылайша Сырым ауданы тұр­ғындарының тең жары­мы ауыз су тапшылығынан құ­тыл­мақ.

– Кеңащыдан тартылған 77 ша­қырымдық магистралды су құ­быры Жымпиты және Өлеңті ауыл­­дарындағы жаз айларындағы су қы­­­сымының азаюы мәселесін ше­­­шеді деп ойлаймын. Осы­ кез­­­­­ге де­йін пайдаланған Данил­л нүк­те­сі күніне 500 текше метр су өндіретін болса, халық тұ­ты­ну үшін бұдан екі есе артық мөл­шер­де су керек бол­ды. Кең­а­щы су кен орны күніне 2 мың текше метр су өндіруге қау­қар­лы. Бірақ біз бұл суды үн­ем­деуге тиіспіз. Мүм­кін­дік бол­са бөгет­терді қал­пына кел­ті­ріп, жерасты су қорларын тауып, құ­дық­тар қазып, малға қа­жетті су мәсе­лесін өз алдына бөлек ше­шуі­­міз керек. Ауыз суды рәсуа қыл­­­май, мақсатты пайдаланайық. Үнем­демесек, су тапшылығы мә­се­­лесіне қайта тап боламыз, – де­ді осы жобаның ашылуына ар­­найы келген облыс әкімі Ғали Есқалиев.

Өңір басшысы осы жобаның жү­зеге асуына үлес қосқан ел Үкі­меті мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Су ресурстары комитетіне, Парламент депутаттарына алғыс айтты.

«Қазэкологияжобалау» ЖШС бас инженері Людмила Лебе­де­­­ваның айтуынша, Кеңащы ж­е­р­­асты су қорына 3 ұңғыма қа­­­зылған. Оның екеуі пайдала­ны­лып, біреуі қосалқы қор ре­тін­де сақталмақ. Мұндағы әр ұң­ғыма сағатына 60 текше метр су өндіреді. «Кеңащының суы­ның құрамында темір көп. Өнді­ріл­ген су екінші нүктедегі су сору стан­сасына келіп, толық та­зар­ту­­­дан өтеді. Ауыз су сапасы бар­­лық талаптарға сай», дейді Л.Лебедева.

 

Батыс Қазақстан облысы