• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2020

Атырауда субсидия көлемі 216 млн теңгені құрады

328 рет
көрсетілді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Қайрат Нұрлыбеавтың мәліметінше, биылғы он айда шаруагерлерге берілген субсидияның көлемі 216 млн теңгені құрап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

"Биыл облыстағы 307 ауыл шаруашылық құрылымы 9300 гектар алқапқа тұқым сеуіп, 73 млрд теңгенің өнімін жинады. Соның ішінде картоп дақылына басымдық беріліп, 2042 гектар алқаптан 30 мың тоннаға жуық өнім алынды. Тұқым шаруашылығын қолдауға, гербцид пен биопрепараттарды, минералды тыңайтқыштар сатып алуға, су жеткізуге субсидия беріледі. Биылғы он айда облыс шаруашылықтары 216 млн теңгенің  субсидиясын алды", дейді Қайрат Нұрлыбаев.

Оның айтуынша, жыл соңына дейін шаруагерлерге берілетін субсидияның көлемі 260 млн теңгені құрағалы отыр.