• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 04 Желтоқсан, 2020

Қаңтардағы мөлшерлемелер желтоқсандағы деңгейде сақталды

178 рет
көрсетілді

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгелік депозиттер бойынша 2021 жылдың қаңтар айына ұсынылатын ең жоғары сыйақы мөлшерлемелерін бекіткендігін хабарлайды. Олар бұрынғы деңгейінде сақталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Олар базалық мөлшерлемеге сәйкестендірілгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ нарықтық трендтер негізінде есептелетін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де сақталды.  

Толықтыру құқығы жоқ, 12 айға арналған жинақ салымдар теңгелік депозиттер ішінде ең табыстысы болып қала бермек – 14%. Еске саламыз, жинақ депозиттердің ерекше өзшеліктерінің бірі – мерзімінен бұрын ақша алуға қатаң шектеу қойылғандығында. Сол үшін де банктер олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұсынады. Одан басқа, теңгедегі жинақ депозиттер бойынша 15 млн теңге көлемінде жоғары кепілдік сомасы қарастырылған.     

 

 

Депозиттер санаты

Толықтырылатын

депозиттер бойынша, %

Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, %

2020

Желтоқсан

2021

Қаңтар

2020

Желтоқсан

2021

Қаңтар

Мерзімсіз депозиттер

9,0

9,0

9,0

9,0

Мерзімді депозиттер

3 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

6 ай

9,0

9,0

9,5

9,5

12 ай

10,3

10,3

10,7

10,7

24 ай

9,1

9,1

9,4

9,4

Жинақ депозиттер

3 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

6 ай

10,0

10,0

10,5

10,5

12 ай

12,3

12,3

14,0

14,0

24 ай

11,7

11,7

13,2

13,2