• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Желтоқсан, 2020

Қазақ-түрік кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастығы талқыланды

145 рет
көрсетілді

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов «Dervisoglu Group» түрік компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Компания органикалық өнімдерді өсіру, өңдеу және экспорттау жобаларын жүзеге асыруға маманданған және Стамбұл өнеркәсіптік палатасының ТОП-500 өнеркәсіптік кәсіпорындары көшбасшыларының бірі болып табылады.

Кездесу барысында ауыл шаруашылығы органикалық өнімдерін өндіру саласында әлеуетті ынтымақтастықты жолға қою туралы келіссөздер жүргізілді.

Сондай-ақ, шетелдік қонақтар «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілдерімен бірге Федоров ауданына барып, жергілікті әкімшілікпен және органикалық өнім өндірумен айналысатын кәсіпорын басшыларымен кездесті. Одан кейін шетелдік делегация  «Успенов» шаруа қожалығына барды.