• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Желтоқсан, 2020

Өскеменде қылмыс екі есеге азайды

131 рет
көрсетілді

Өскемендегі Жедел басқару орталығындағы 4000 мыңнан астам бейнекамерадан полицейлер қаланы алақандағыдай көріп отырады. Сергек жүйесі де осы базаға қосылған. Соның арқасында қылмыс 44,4%-ға төмендеген, - деп хабарлайды Egemen.kz

- Диспетчер пультіне күн сайын түрлі сипаттағы үш жүзден астам көрініс түседі. Мысалы, 2004 жылы бізде барлығы 97 камера болған, қазір мыңдаған камера бар. Бейнематериалдар жүзден астам қылмысты ашуға көмектесті, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, - дейді Жедел басқару орталығы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Талғат Қамзин.

Құқық қорғау мамандарының айтуынша, Өскеменде өткен жылмен салыстырғанда қылмыс деңгейі 44,4%-ға төмендеген.

 

Өскемен