• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Парламент 07 Желтоқсан, 2020

Сенаторлар Үкімет туралы заңға енгізілетін өзгерістерді қарайды

238 рет
көрсетілді

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар Сенаттың алдағы 10 желтоқсанда өтетін жалпы отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар Сенаттың алдағы 10 желтоқсанда өтетін жалпы отырысының күн тәртібін талқылады.⠀Мемлекет басшысы бұған дейін жауапты хатшы институтын қысқартып, сол арқылы министрлердің жауапкершілігін арттыруды тапсырған еді. Ол үшін тиісті заңнамаға өзгерістер енгізу қажет. Соған байланысты алдағы Сенат отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер енгізу туралы» заң жобасын қарайды.⠀Сонымен қатар сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының жекелеген ережелерін іске асыру мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.⠀Одан бөлек, Сенат отырысының күн тәртібіне «Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасы мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі белсенді шаралар мен шығыстарды қолдау бағдарламасы) ратификациялау туралы» заң жобалары да шығарылды.⠀Сондай-ақ, сенаторлар алдағы Палата отырысында Мәжіліс мақұлдаған «1999 жылғы 8 қазандағы Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің арасында тасымалданатын тауарларды кедендік ресімдеудің және кедендік бақылаудың тәртібі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларын қарайды.⠀Әлем бойынша көші-қонның өсуіне байланысты ескерту шараларын жетілдіру және шетелдіктердің Қазақстан аумағындағы заңға қайшы әрекеттерінің уақтылы алдын алу мәселесінің маңызы арта түседі. Осыған орай сенаторлар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жіберу кезінде ұстау мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын да талқылайды.⠀Бұдан басқа, Сенат депутаттары Мәжіліс мақұлдаған «Астық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.⠀Бюро отырысында сенаторлар Мәжілістен келіп түскен заң жобаларын тұрақты комитеттерге бөліп берді.