Шығыс Қазақстанда жолаушылардың қауіпсіздігі үшін күре жолдардың бойына ақпараттық таблолар орнатылды.
Жол бойындағы ол таблолар жүргізушілерге жолдың сол уақыттағы жағдайы туралы хабардар етеді. Сонымен қатар, тақтада жол төсемінің жай-күйі, жол учаскелерін шектеу және жолды жабу туралы ескертулер көрсетіледі.
"Қазақавтожол" ЖШС облыстық филиалы мамандарының айтуынша, қазіргі уақытта үш ақпараттық таблоның екеуі Өскемен – Алтай – Катонқарағай - Рахман қайнарлары автожолының бірінші шақырымында және Омбы-Майқапшағай трассасының 904 шақырымында орнатылды.