• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Атырауда 61 адамнан коронавирус анықталды

351 рет
көрсетілді

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өткен тәулікте 61 адамнан коронавирус инфекциясы ПТР-тест арқылы анықталғанын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz

"Қауіпті індетке шалдыққан науқастардың 19-ы Атырау қаласында тіркелді. Сондай-ақ  Теңіз кенішіндегі 42 жұмысшыдан Сovid-19 инфекциясы анықталды. Науқастардың бәрінде ауру симптомсыз, бір науқаста симптомды түрде өтуде. Індет жұқтырғандардың біреуі  медициналық маманға өз еркімен жүгінген. Өткен тәуікте 11 пациент қауіпті індеттен сауығып шықты. Қазір коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 11401 адамға жетті", деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Облыстық инфекциялық стационарда 38, аудандардағы стационарларда 5 (Индерде 3, Қызылқоғада 2), ал Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда 174 науқас жатыр. Үй жағдайында 164 науқас ем қабылдап отыр.