• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Павлодарда 26 жылқы мұз болып қатып қалған

1338 рет
көрсетілді

Павлодар облысының Полиция департаменті өңірдегі көлдердің бірінен мұз болып қатып қалған 26 жылқының табылғанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Полиция жоғалған табынды іздестіру барысында өлген жануарларды тапқан. Жылқылар Аққулы ауданындағы фермерлердің біріне тиесілі. Фермер жануарлардың жоғалғаны туралы 4 желтоқсанда хабарлаған.

Аққулы ауданының полиция бөлімінің басшысы Тасқын Бодиев: "Мал иесінің айтуынша, 1 желтоқсанға қараған түні Қазы ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан жайылымнан белгісіз біреулер 26 жылқы ұрлаған. Бірнеше күн бойы ол жоғалған жылқыларды өз бетінше табуға тырысқан, бірақ іздестіру жұмыстары нәтиже бермеген соң полициядан көмек сұраған", деді ол.

Жоғалған жылқыларды тек аудан полицейлері ғана емес, сонымен қатар шекаралас аймақтар да іздестіріп, қолұшын тигізген. Бірнеше жұмылдыру топтарына бөлінген қызметкерлер жақын маңдағы барлық аумақ пен жайылымды тексерген.

"6 желтоқсанда іздеу нәтижесінде Қазы ауылынан 15 шақырым жерде орналасқан Борлы көлінен 26 жылқының мәйіті табылды. Жануарлар мұз болып қатып қалған", деді Т.Бодиев.