• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Білім 08 Желтоқсан, 2020

Ректорлар қашықтан оқытуда студенттерге қойылатын талаптарды түсіндіруі тиіс

139 рет
көрсетілді

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов барлық университеттердің ректорларына қашықтан оқыту кезінде студенттерге қойылатын талаптарды түсіндіруді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz

Айта кетейік, бүгін Білім және ғылым министрлігінің аппарат жиналысында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі қысқы емтихандар сессиясына дайындық тақырыбы қаралды.

"Тек қана бір университеттің өзінде қашықтан оқыту форматына көшу үшін қомақты қаржат бөлінді. Яғни қашықтан оқытуға көшу үшін біраз жұмысты атқару қажеттігі болды. Оның ішінде техникалық жұмыстар бар. Сондықтан тек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ғана емес, басқа да оқу орындарында да ауқымды жұмыстар қабылданды", деді министр.

Осындай орай ол білім беру сапасын төмендетіп алмау қажеттігін айтты.

"Дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқыту форматындағы сапа бірдей деп айту қиын. Біздің алдымызда тұрған басты мақсат – ол бұл сапаны төмендетпеу үшін барлық қажетті жұмыстарды атқару", деді ведомство басшысы. Сонымен қатар министр қысқы емтихандар сессиясына дайындық мәселесіне тоқталды. Осы орайда пайдаланылатын жүйені студенттерге егжей-тегжей түсіндіру тапсырылды.

"Академиялық адалдық қағидаларын сақтау маңыздылығы бар. "Қашықтан тапсырып жатырмын, ешкім көрмей тұр" деп көшіріп алу немесе басқа да мәселелер болса, одан кейін ол студенттердің нәтижелері бекітілмесе, сұрақтар туындайтыны белгілі. Сондықтан жүйелердің мүмкіндіктерін, онымен жұмыс істеу тәртібін, жауапкершілік жағын студенттер арасында түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын. Әр университеттің басшылығы студенттерге қатысты барлық түсіндіру жұмыстарын атқаруы керек", деді А.Аймағамбетов.