• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Желтоқсан, 2020

Аягөз гарнизонында 60 пәтерлі үй пайдалануға берілді

346 рет
көрсетілді

Аягөз гарнизонының әскери қызметшілері мен отбасы мүшелеріне "Оңтүстік" әскери қалашығында жөндеуден өткен 60 пәтердің кілті салтанатты түрде табыс етілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұл көп әскери қызметшінің тұрғын үй мәселесін шешуге, оларға әскери қызметті атқару үшін қажетті жағдаймен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Жаңа пәтерлер толықтай ішкі әрлеу жұмыстарынан өтті. Оларға электр плиталары, су жылытқыштар және киім-кешек шкафтары қойылған. Өрт дабылы қосылып, электр энергиясы мен су есептегіш құралдары орнатылған. Үй отқа төзімді материалмен қапталған. Аулаға асфальт төселіп, онда балалар ойын алаңы мен жаттықтыру құралдары орнатылған спорт алаңы жабдықталған.

Әскери қалашықтың көптеген тұрғын үй ғимараттары өткен ғасырдың 70-90 жылдары салынған. Күрделі жөндеу нәтижесінде барлық үй жаңа кейіпке ие болып, өмір сүруге қолайлы әрі жайлы қалыпқа енді.