Қостанай облысының Науырзым ауданында биыл "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасы аясында 210 жаңа жұмыс орны ашылды, деп хабарлайды Egemen.kz
Бұл туралы өңірлік коммуникация қызметіндегі баспасөз жиынында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде баяндаған аудан басшысы Талғат Карбозов айтты.
Әкімнің сөзінше, Науырзым ауданында биыл жұмыспен қамту секторына 547 адам жүгініп, 491 адам еңбекпен қамтудың белсенді шараларына тартылған. Сонымен қатар, 210 адам тұрақты жұмысқа орналасқан.
"Бағдарламаның барлық бағыттары бойынша жалпы сомасы 28 млн 984 мың теңге игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарына 20 адам орналастырылып, 38 адам кәсіби дайындыққа жіберілді. Жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының 18 түлегі жастар практикасынан өтті. Аудан бойынша жұмыссыздық деңгейі - 1,4 %. Сонымен қатар, ауданда әлеуметтік көмектің барлық түрлеріне 140 млн 50 мың теңге бөлінді. Биыл мүмкіндігі шеутеулі 6 адам жұмысқа орналасты. Ал 8 адам жалпы сомасы 4 млн 445 мың теңгеге жеке шағын кәсіптерін ашуға қайтарымсыз қаржы грантын алды", деді Талғат Карбозов.
Биыл Науырзым ауданына оңтүстік өңірлерден жалпы саны 13 жан бар 3 отбасы қоныс аударған.