• RUB:
    4.73
  • USD:
    511.22
  • EUR:
    540.05
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Желтоқсан, 2020

Сенатор зорлық-зомбылыққа қарсы бағдарламаның тұсаукесер рәсіміне қатысты

128 рет
көрсетілді

Сенат депутаты Динар Нөкетаева видеоконференц байланысы арқылы Орталық Азия және Ауғанстан елдерінде әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жоюға арналған "Spotlight Initiative" жаңа аймақтық бағдарламаның тұсаукесер рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz

"Spotlight" ("Жарық сәулесі") бастамасы 2030 жылы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрін жою үшін Еуропалық Одақ пен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасында жаһандық ұзақ мерзімді серіктестікті ұсынады.

Аймақтық бағдарлама Орталық Азиядағы бес мемлекет пен Ауғанстандағы 35 миллионға жуық әйел мен қыздарға қатысты зорлық-зомбылыққа тосқауыл қоюға арналған бірлеске іс-қимылды күшейтуді көздейді.

Бағдарлама аясында мемлекеттер арасында тәжірибе алмасу, зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл үшін бірлескен жұмыс бағдарын әзірлеу және әйелдер арасында сексуалды және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың таралуы туралы мәліметтерді жинақтаудың жалпы әдісін дайындау мәселелері қарастырылған.

Бағдарламаның үйлестірушісі БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты үйлестірушісінің кеңсесі екенін атап өткен жөн.