Бүгін Қостанай әуежайына Мысырдың Шарм Эль Шейх шахарынан ұшып келген халықаралық ұшақ қонды. Бортта 239 жолаушы, 6 экипаж мүшесі болған, деп хабарлайды Egemen.kz
Қалалық санэпидбақылау басқармасы мен санитарлық-карантиндік бекет мамандары халықаралық авиарейстің барлық жолаушыларына термометрия және тест жүргізді. Сондай-ақ, жолаушылардың ПТР-тест анықтамасының бар-жоғы тексерілді.
Нәтижесінде, 11 жолаушының ПТР анықтасы болмай шықты. Жолаушылар зертханалық тексеруден өткізу мақсатында Тобыл қаласының карантиндік госпиталіне орналастырылды.