• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 08 Желтоқсан, 2020

Сарыағашта 251,42 гектар жер мемлекетке қайтарылды

463 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланбай жатқан тұлғаларды анықтау үшін мониторинг жұмыстары жүргізілген. Нәтижесінде, 157 азаматтың 8689,66 гектар жерді пайдаланбағандығы анықталған, деп хабарлайды Egemen.kz

Оларға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 86 жер иесі 6427,66 гектар жерін игеруді бастады. Ал 14 азаматқа тиесілі 251,42 гектар жер мемлекетке қайтарылған.

Қазіргі таңда қалған тұлғалардың игерілмей жатқан жерлері бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімі Мұхит Отаршиевтің мәліметінше, ауданда биылдың 11 айында жер телімдерін жалға беруден түсетін түсім 11 млн 741 мың теңге болып жоспарланса, қазір бұл көрсеткіш 10 млн 574,8 мың теңгеге (90,1%)  орындалған.

Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге 4 рет конкурс өткізілген. Нәтижесінде, 62 жеке және заңды тұлғаларға 5544,3 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімі жалға беріліп, қайта айналымға енгізілді.