• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Ақмолада аудандық мәдениет үйі жаңартылды

508 рет
көрсетілді

Зеренді ауданында мәдени-көпшілік жұмыстар қанат жаюда. Хор, вокал, фольклор, отбасылық ансамбльдер мен хореографиялық үйірмелерді қосқанда 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Биыл "Жұмыспен қамтудың жол картасы - 2020" бағдарламасы аясында аудан орталығындағы мәдениет үйіне 40 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудандық мәдениет үйі ғимаратының негізі 1979  жылы қаланған. Соңғы рет күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 20 жыл бұрын жүргізіліпті. Онда 230 орынға арналған көрермен залы, түрлі шығармашылықпен айналысатын 16 кабинет және спорт залы бар. Сондай-ақ орталық кітапхана мен тілдерді оқыту орталығы орналасқан.

"Көрермен залы бойынша қабырғасы мен төбесі сыланып, әктелген болатын. Еден ағаштары ауыстырылып, орындықтары жаңартылып, жабдықталды. Би залы бойынша еденіне бетон құйылып, ламинат төселді. Би залы бишілерге кәсіби дайындық өткізуге қолайлы болды", – дейді аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Қызыр Қазиұлы.

Жалпы, биыл аудан бойынша 4 мәдени нысанға күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Атап айтқанда, Өркен, Қызылтаң және Қонысбай елдімекендеріндегі ауылдық клубтар да жаңартылды. Бұл жұмыстарға 50 млн теңгеден астам қаражат бөлінген.