• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

1 қыркүйектен бері 2,5 мыңнан астам оқушы коронавирус жұқтырған

211 рет
көрсетілді

Елде оқу жылы басталғалы оқушылар арасында коронавирус жұқтырудың 2539 жағдайы тіркелген, - деп хабарлайды Egemen.kz

«Оның ішінде 738 оқушы кезекші сыныпта оқитын балалар болса, 1811 оқушы - қашықтан оқитындар. Қазіргі уақытта өңірлердің әкімдіктерінің жанында 1556 мониторинг тобы жұмыс жүргізуде. Карантин шараларын әлсіреткелі бері (17 тамыздан 8 желтоқсанға дейін) 53 489 рейд жасалып, 215 977 нысан тексерілді. 18 903 нысанның иелері тәртіп бұзғаны анықталды», - деді Денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясов.