• RUB:
    5.4
  • USD:
    473.15
  • EUR:
    515.12
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Алдағы күндері ауа температурасы төмендеп, аяз күшейеді

764 рет
көрсетілді

10-12 желтоқсан аралығында қар жауып, ауа температурасы төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашын біртіндеп тоқтайды және ел аумағында ауа температурасы төмендейді. Тек Қазақстанның солтүстігі мен шығысында қар жауады.

Шығыста онкүндіктің басында қатты қар жауып, жел күшейеді және боран соғады. Кей жерлерде тұман және көктайғақ байқалады.