• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Шығыста "Жомарт жүрек" жеңімпаздары анықталды

243 рет
көрсетілді

Шығыста әлеуметтік маңызды жобаларды іске асырып, қайырымдылық шараларына белсене атсалысқан азаматтар марапатталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жылдың меценаты аталымы Бородулиха ауданының тұрғыны «Ассорти 2» шаруа қожалығының басшысы Игорь Шевченкоға бұйырды. Ол қожалық жұмысшыларына үнемі көмектесіп, сәбилі болғандарға 100 мың теңгеден көмек көрсетіп отырады. Жыл сайын тұрғындарға бақша өсіру, қыста және жазда жолдарды күтіп ұстау, көктем кезінде су бұру арналарын тазарту жұмыстарына қолғабыс етеді.

Ерен ерлік номинациясы бойынша волонтерлік қызметке белсене қатысқаны үшін Курчатов қаласының волонтерлік қозғалыс орталығының төрайымы Әсемгүл Калимолдина марапатталды.

Ол Курчатовтағы еріктілер қозғалысын кеңейтіп, 2 мыңнан астам адамды тарта білді. Сонымен қатар, «Балаларға жүрек сыйла», «Құс асханасы», «Біз біргеміз», «Мейірімді көршілер», «Мейірімді іс», «Жақсылық жолы», «Мың алғыс», «Маска тағыңыз» волонтерлік акцияларын ұйымдастырды.