• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Қостанай облысында волонтерлер марапатталды

249 рет
көрсетілді

Бүгін онлайн режімде өткен волонтер жылының ресми жабылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Архимед Мұхамбетов қостанайлық еріктілерді марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz.

"Еріктілер төтенше жағдай кезінде дәрі-дәрмектен басқа, мұқтаж адамдарға қажетті азық-түлікті түсіруден бастап, тасымалдауға дейін көмектесті. Қауіпсіздік мақсатында тасымалдау кезінде барлық еріктілер бетперде, қолғап және қорғаныс костюмдерімен қамтамасыз етілді. Еріктілер қозғалысының барлық өкілдеріне бірлескен жұмысы үшін алғыс айтамын", -деді облыс әкімі А.Мұхамбетов.

Салтанатты шара барысында "Корпоративтік еріктілік көшбасшысы" номинациясында "Жыл еріктісі" халықаралық сыйлығына Женгелдин ауданының "Жалын" жастар ұйымы, "Жыл меценаттары" номинациясында "Жомарт жүрек" сыйлығын Борис Князев иеленді. "Жылдың үздік ұйымы" аталымында "Олжа-Агро" ЖШС, "Ерен ерлік" аталымы бойынша Жансейіт Құрманғалиев марапатталды.