• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Желтоқсан, 2020

Айдалада қалып қойған балықшы полиция қызметкерлеріне алғыс айтты

360 рет
көрсетілді

Қыраулы қыстың қатерін ескере бермеу опық жегізуі әбден мүмкін. Айдалада бір тәулік бойы көлік ішінде қалған балықшыны полиция қызметкерлері құтқарып алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оқиға былай өрбіген. Әуесқой балықшы Қорғалжын ауданындағы Сабынды ауылының жанындағы Нұра өзенінен балық ауламақшы болған. Күн аязды болғанымен, әуесқойлық сезім жеңген. Көлігі өзеннің қабағында қасат қарға батып қалыпты. Әрі-бері әрекеттенгенімен, қар құрсауынан шыға алмаған ол тек бір тәуліктен кейін ғана полиция бөлімшесімен хабарласқан. Іле полиция капитандары Әділбек Боранбаев пен Бейсенбай Хамитжанов оқиға орнына жеткен. Тез арада балықшыны тауып алып, қар құрсауынан босатқан.

Тас жолға дейін жеткізіпті. Балықшы әбден жаурағанымен, дін аман. Бір тәулік қар құрсауға кептелген ол дер кезінде жеткен полиция қызметкерлеріне алғысын жаудырды.