• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2020

Ералы Тоғжанов Алматыдағы этномәдени бірлестіктердің көшбасшыларымен кездесті

120 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов Алматыдағы жұмыс сапарында республика мен қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдерімен кездесіп, бүкілқазақстандық бірлікті нығайту, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылады.

«Ахыска» түрік этномәдени орталығы» РҚБ төрағасы Зиятдин Касанов, «Мицва» Қазақстанның еврей ұлттық ұйымдары қауымдастығы» ЗТБ басшысы Александр Барон, «Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығы» ҚБ құрметті төрағасы Ахметжан Шардинов, «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтары қауымдастығы» республикалық ҚБ төрағасы Артуш Карапетян жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат беріп, этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылық пен халық бірлігін одан әрі нығайту бойынша бірқатар ұсыныстар айтты.

Жекелей алғанда, отандық ғылымды, ұлттық мәдениет және салт-дәстүрлерді дамыту, сонымен бірге, пандемиямен жалпы күрес аясында этномәдени ұйымдардың интеграциясы бойынша күш салуы, мұқтаж қала тұрғындарына қолдау шаралары жөніндегі идеялар айтылды.

Ералы Тоғжанов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне айтылған ұсыныстарды зерделеп, пысықтауды тапсырды.