Қыстыгүнгі құрылыстағы қауіп қатері еселеп артады. Күннің қызуымен күндіз жіпсіген қар кешке қарай және таңертең көктайғаққа айналады. Мұндайда қауіпсіздік шараларын қатайта түсу лазым. Әйтпесе биіктен құлап кеткен адамның ажалы аяқ астында.
Кеше Петропавлдағы Жамбыл мен Ысмайылов көшелерінің қиылысындағы көпқабатты үйдің құрылысында сондай келеңсіз оқиға болды. 44 жасар қн құлап, оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті бойынша ҚК 156-бабымен іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Облыстық Полиция департаментінің басшылығы қаза тапқан азаматтың отбасына көңіл айтып, полиция қызметкерлерінің іс-әрекеттері аталған қылмыстық істің объективті тергелуіне бағытталатына сендірді. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Олардың нәтижелері бойынша заңды процесуалдық шешім қабылданатын болады.
ПЕТРОПАВЛ