• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2020

Өскеменде тағы екі жылы аялдама орнатылды

267 рет
көрсетілді

Өскеменде тағы екі жылы аялдама орнатылды. Оған жергілікті жердегі ауа райы себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айта кетейік, Өскеменнің қысы қатал, сол себепті қала ішінде жылы аялдамалар орнату жұмыстары қолға алынған.

"Қазір техникалық дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Содан кейін ғана электр қуатына және коммуникацияларға қосылады", - дейді Өскемен қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз хатшысы Владимир Землянский.

Осы уақытқа дейін «Спорт сарайы» мен «Мешіт» аялдамасында тұрған павильондар жөнделіп, Көкжал Барақ көшесіндегі «Оңтүстік магистраль» және Есенберлин даңғылындағы «19-шы шағын аудан» аялдамаларына орнатылды.