• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Желтоқсан, 2020

Атыраудың екі тұрғыны зейнеткерді тонап кетті

347 рет
көрсетілді

Атыраудың екі тұрғыны 71 жастағы зейнеткерді тонаған. Бұл туралы облыстың полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қаланың екі тұрғыны  «Тұрғындар қалашығы» шағын ауданында тұратын зейнеткерді тонап кеткен.

Пәтердің есігін ашқан зейнеткерге ұрылар күш көрсетіп, ақшасын, ұялы және радио телефонын, алтын алқасы мен сырғасын тартып алып, оқиға орнынан бой тасалаған. Алайда ұрылардың тайраңдауы ұзаққа созылмады.

«Аталған қылмысты жедел ашу мақсатында тәжірибелі қызметкерлерден арнайы жедел топ құрылды. Іздестіру іс-шарасы кезінде күдікті екі азамат анықталып, ұсталды. Тексеру кезінде 71 жастағы азаматшаға 479 000 теңге залал келгені, сонымен қатар, күдіктілердің біреуі бұрын ұрлық қылмысы үшін сотталғаны анықталды», - деп хабарлады облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Нұрхат Оразбаев.

Қазір күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.